
Балаңыз жазда кітап оқып жүр ме?
Қарқаралы аудандық кітапханасына келген Мәди Бәпиұлы атындағы №44 тірек мектебі жанындағы жазғы лагерь оқушылары бұл сұраққа сенімді түрде «ИӘ!» деп жауап бере алады. Себебі олар бүгін кітапханаға арнайы саяхат жасады!
Кітапханашы Құралай Адишева балаларға кітапхананың ең қызықты бұрыштарын көрсетіп, көрсетілетін қызметтермен таныстырды.
Ал лагерь жетекшілері мен ұстаздар (Жанар Маратовна, Айнұр Бейсембекқызы, Арай Әскербекқызы, Диана Болатқызы, Салтанат Жұмагелдіқызы, Мөлдір Саятқызы, Әсел Қасқатайқызы және Назира Уақасовна) балалардың бұл күнді қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасады.







