
Жаңа кітап сыйға алдық
Қарқаралы аудандық кітапханасына көп жылғы тұрақты оқырман болған, бүгінде марқұм Егізбай Тілеуғазы ағамыздың қызы әкесінен қалған кітаптарын естелік ретінде кітапхана қорына табыстады.
Бұл – әке аманатына деген адалдықтың, рухани құндылыққа деген құрметтің айқын көрінісі. Кітап арқылы жалғасқан бұл байланыс – ұрпақтар сабақтастығының жарқын белгісі.
Егізбай ағамыздың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен оқырмандық жолы мәңгілік із қалдырды. Енді сол асыл мұра көпшілік игілігіне қызмет етпек.
Осындай ізгі ісі үшін қызына алғысымызды білдіреміз.
???? Кітап – естелік. Кітап – аманат. Кітап – мәңгілік құндылық.






