Бүгін, мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы, мәслихат төрағасы Саят Қайратұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Сайлау Әлиұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Несіпхан Жақанұлы сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, руханиятты дамытуға қосқан қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.

​Мерекелік марапаттау рәсімінде өңір мәдениеті мен кітапхана саласының үздіктері ұлықталды. Атап айтқанда, республикалық салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айнаш Муканова, балалар кітапханасының меңгерушісі Алтынай Искакова және Егіндібұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанар Касимова марапатталды. Ал аудан әкімінің алғыс хатымен ақшалай сыйақысы Жаңатоған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Анаргүл Бейсенбекова мен Қарағайлы кенті кітапханасының кітапханашысы Жамбыгүл Түгеловаға табысталса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйақысына Меруерт Төребек ие болды.

Өңірдің рухани қазынасын байытып, мәдениеттің мәртебесін өсіріп жүрген барша мәдениет майталмандарын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

👁 Всего посещений: 125