
Қарқаралыға тарихи-танымдық экспедиция келді
Өңірде «Қарағанды қыраты – ғасырлар қазынасы» атты ғылыми-зерттеу экспедициясы жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобының негізгі мақсаты — облыстағы елді мекендер мен географиялық нысандар атауларының тарихын анықтап, жүйелеу. Экспедиция аясында көнекөз қариялармен сұхбаттар жүргізіліп, тарихи нысандар фото-бейнетаспаға түсірілуде. Зерттеу қорытындысы бойынша аймақ топонимдеріне арналған ғылыми анықтамалық дайындалып, деректі фильм түсіріледі.



