
Аудандық кітапханада шығыстанушы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай портреттік кеш өтті.
Шараға «Қаламгер»қызығушылар клубының мүшелері мен О.Жәутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.Шара барысында Шоқанның өмір жолдарына тоқталып, бейнеслайд көрсетілді. Интерактивті тақтадан ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап жүргізілді.»Шығыстың жарық жұлдызы-Шоқан Уалиханов» атты көрмеге шолу жасалды.

