Қарқаралы аудандық кітапханасының «Қаламгер» клубында Әлихан Бөкейхан және «Алаш Орда» жайлы «Тар заман» телехикаясының талқылау кеші өтті.

Кешке Әлімхан Ермеков атындағы №2 ЖББ мектебінің оқушылары мен тәлімгері Қойшубаева Айгерім, сондай-ақ клуб төрағасы Қанат Мұхаммед пен кітапханашы Шашубаева Айдана қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Талқылау барысында қатысушылар Алаш Орда қозғалысы төңірегіндегі «Ұлт үшін құрбандық қажет пе?», «Қиын кезеңдер елді әлсірете ме, әлде шыңдай ма?» секілді сұрақтарды талқылады.

Кеш соңында куиз өтіп, үздік жауап берген оқушылар марапатталды.

👁 Всего посещений: 318