
ҚАРҚАРАЛЫДА «КІТАП ОҚИТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!
✨ҚАРҚАРАЛЫ ауданында «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» жобасының «КІТАП ОҚИТЫН МЕЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» санаты бойынша аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.
✨ҚАРҚАРАЛЫ ауданы бойынша додаға 57 мемлекеттік қызметшілер тіркеліп, қазіргі уақытта 13 тұлға өз бақтарын сынады.
✨Қанатқақты жоба азаматтардың кітап оқуға дағдыландыру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, түптеп келгенде, бүтін ел болып әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына ену сияқты биік мақсат қойып отыр.
✨Барша мемлекеттік қызметшілер, әріптестерімізге байқауға қатысып, біршама уақыт бойы берілген 15 кітап оқып, өздерінің рухани іс-шараға белсенді түрде қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.
✨Аудандық байқаудан үздік болған үш мемлекеттік қызметші: l орын Қарқаралы ауданының әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Кизкин Аян Сәулебайұлы — 300 мың теңге сертификат; ll орын алған Жанатоған ауылдық әкімдігінің бас маманы Шалданбаева Балжан Талғатқызы — 200 мың теңге сертификат; lll орын алған аудандық білім бөлімінің бас маманы Аскен Сая Арманқызы — 100 мың теңге сертификатқа ие болды.
✨Бұл – жаңа білім көкжиегін ашатын, жеке тұлғаны дамытатын және зияткерлік әлеуетті нығайтатын, оқу мәдениетін қалыптастыруға жасалатын маңызды қадам.
✨Аудандық байқауда үздік болып, жүлде алған әріптестеріміз облыстық байқауда жеңіске жетулеріне сәттілік тілейміз.





