ҚАЗАҚ АСПАНЫНДА — ҚАСЫМ РУХЫ!

✨ҚАРҚАРАЛЫ аудандық кітапханасында еліміздің тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ, КЕЛЕР ҰРПАҚ…» атты дәстүрлі ҚАСЫМ оқулары өткізілді.
✨ Байқауға 18 оқырман өтінім қалдырып, 17 оқырман келіп бақ сынасты. ✨????️???? Биылғы байқау жылдағыдан өзгеше болып, байқау екі кезең бойынша өткізілді. «ЕЙ, ТӘКАППАР ДҮНИЕ, МАҒАН ДА БІР ҚАРАШЫ…» атты бірінші кезеңде оқырмандар ақынның он өлеңін жатқа оқыса, «ҚАЗАҚ АСПАНЫНДА – ҚАСЫМ РУХЫ» атты екінші кезеңде қатысушылар ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВҚА арнау өлеңі мен еркін тақырыптағы өлеңдерін ұсынды.
✨ ҚАРҚАРАЛЫ газетінің бас редакторы – Құрманғазы Өтебай, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы – Қаламқас Ерденқызы, аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі және Жастар ресурстық орталығының маманы- Мұхаммед Серікұлы қатысушылардың өнерін бағалап, әділ шешімдерін шығарды.
✨Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде ҚАРАҒАШ ауылының оқырманы Нұрболұлы Мейіржанға, 1 орын ТАТАН ауылының оқырманы Асқарұлы Метхатқа, 2 орын БЕСОБА ауылының оқырманы Қайыржан Кәусар мен САРЫОБАЛЫ ауылының оқырманы Қапият Мәдениетке, 3 орын ҚАРАҒАЙЛЫ кентінің оқырманы Қазбек Айбар мен НҰРКЕН аулының оқырманы Тоқтаубай Кәусарға бұйырды.
✨Қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрлана, жарқырап өткен, өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен ҚАСЫМ ақын әлеміне сапар шеккен рухани кештің барлық қатысушылары алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

👁 Всего посещений: 250