23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні аясында аудандық кітапханада Ашық есік күні өтті.

Бұл күні кітапхана есігі жас оқырмандарға айқара ашылып, Мыңжасар Әдекенов атындағы колледж студенттері мен О.Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі оқушылары рухани саяхатқа аттанды ✨

Іс-шара барысында:
???? Қатысушылар кітапханамен танысып, оның тарихы мен қорымен жақынырақ танысты
???? Қызықты ойындар арқылы кітап атауларын тапты
⚡ «Кім жылдам?» бөлімінде мақал-мәтелдерді жалғастырып, өз білімдерін сынады

Кітап – адамзаттың асыл қазынасы. Ол бізге өткенді танытып, бүгінді түсіндіріп, болашаққа жол көрсетеді. Осындай мәні терең күнде оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы артып, ерекше әсер алғаны сөзсіз ????

???? «Артық білім – кітапта» екенін тағы бір мәрте дәлелдеген керемет күн болды!

👁 Всего посещений: 250