ЖЕРЛЕС ҚАЛАМГЕР САПАРҒАЛИ ЛӘМБЕКОВ — ТУҒАНЫНА 90 ЖАС!

✨ ҚАРҚАРАЛЫ аудандық кітапханасында белгілі қаламгер САПАРҒАЛИ ЛӘМБЕКОВТЫҢ 90 жылдығына орай аудандық эссе байқауы өтті.
✨ Жазушының өмірі мен мұрасын насихаттауға арналған байқауға 15-16 жас аралығындағы 17 оқырман қатысып, өз шығармашылықтарын ұсынды.
✨ Нәтижесінде:
Бас жүлде – ТАЛДЫ ауылының оқырманы Марат Кәусар;
І орын – ТОМАР ауылының оқырманы Ержанқызы Кәусар;
ІІ орын – АҚЖОЛ ауылының оқырманы Диана Мукашева, Ақтерек ауылының оқырманы Елдар Ермекұлы;
ІІІ орын – ҚАРАҒАЙЛЫ кентінің оқырманы Айлана Айткен, ТАТАН ауылының оқырманы Кәусар Сембай, ҚАРҚАРАЛЫ қаласының оқырманы Гүлсезім Әмірбек.
✨ Жеңімпаздар 10 шілде күні өтетін жазушыны еске алу кешінде марапатталады.
✨ САПАРҒАЛИ ЛӘМБЕКОВ – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Оның мұрасын насихаттау бағытындағы шаралар жалғасын таба береді.

👁 Всего посещений: 250