Шуақты кездесу

Қ.Аманжолов атындағы аудандық кітапханада 28 сәуір – Еңбек күніне орай, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, видеооператор, фотограф Хамитов Тишбек Төлеуханұлымен кездесу өтті. Қарапайым еңбек адамының өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында былтырғы жылдан кітапханада бастау алған шараға білім ошақтарының студенттерімен қатар, өлкетанушы Мейірхан Қасымжанов, Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Сәтбек Сламбеков, жеке кәсіпкер, заңгер, әуесқой фотограф Дәулет Какибаев, «Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі Ләйла Іргебаева, М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Бейсенаев, суретші, сәулетші Сәкен Дәулетбаевтар арнайы шақырылды.

Кітапхана директоры Айнаш Мұқанова алғыс сөзімен кеш шымылдығын ашқан соң, Тишбек Төлеуханұлының өмірбаяны мен еңбек жолы таныстырылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, кеш қонақтары лебіздерін білдірді. Т.Төлеуханұлының әріптесі Әлімжан Мәкенов аға — әріптесіне ізгі тілегін білдіріп, тамылжыған әнін арнады. Барша қонақтар арнайы әзірленген видеотүсірілімді тамашалады.

Кездесу жылы пікір, жайма-шуақ әңгіме аясында тартымды өтті