Өнерімен көтерген ел мерейін


Қарқаралы аудандық кітапханасында Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Өнерімен көтерген ел мерейін» атты оқырман конференциясы өтті. Аталмыш шараға аудан әкімінің кеңесшісі Сайлау Әлиұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Искакова Жазира Қапышқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Альпеисов Бауыржан Байғалиұлы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Оспанов Саят Қуанышбайұлы, зейнеткер, өлкетанушы Мейірхан Қасымжанұлы, Ақжол ауылының тұрғыны, зейнеткер кітапханашы Қыныбаева Рымбикеш Әбуғалиқызы және 40 жылдан астам мәдениет саласында қызмет атқарған Несіпбаева Зейне Бәтханқызы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Тоғамбеков Сәбит Смағұлұлы, Қарқаралы тарихи — өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Сламбеков Сәтбек Қабиденұлы және музей экскурсоводы Галиева Гүлназ Серікқызы, Ақжол ауылы тарихи — өлкетану музейінің меңгерушісі Ахметова Назым Шайхатовна және кітапханашылар қатысты. Шараны Сайлау Әлиұлы алғы сөзбен ашты. Қарқаралы өнер мектебінің «Дәстүрлі ән» сыныбының ұстазы Жекеева Балдырған «Майра» әнін әуелете шырқады. Конференцияға қатысушылар Қалибек Қуанышбаевтың өмір жолы, отбасы, балалық шағы, қызметі, өнері жайында кеңінен сөз қозғап, тарата айтты. Ақжол ауылының тарихи — өлкетану музейінен Қалибек Қуанышбаевтың домбырасы, «Абай» рөлін сомдағанда киген шапаны, ас ішкен ыдыс — аяғы, жеке кітапханасы, таяғы алынып, көрмеге қойылды. Музей меңгерушісі әр жәдігерге тоқталып, тарихы жайлы айтып өтті. Абайдың қара сөздерін оқыған дауысы жазылған кассета тыңдалды. Театрда ойнаған сахналарынан бейнеролик тамашалады. «Өнерімен көтерген ел мерейін» атты көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Оқырман конференциясын орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айнаш Түсіпжанқызы қорытындылап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.