
«Адалдық асыл қасиет»
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру кезеңінде көптеген ұйымдар мен ұжымдарда көп көңіл бөліп, түрлі шаралар жүргізілуде. Осы орайда аудандық орталық кітапханада «Адалдық асыл қасиет» атты адалдық алаңы жобасы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпараттық сағат өткізілді. Бұл ақпараттық сағаттың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу, әрбір қызметкерлердің санасына қызметтік міндеттерін адал атқару және оларды жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру. Бұл ақпараттық сағатымызға Қарқаралы ауданы полиция бөлімі кадр саясат тобының инспекторы, полиция капитаны Мұқашева Айдана Жұбанышқызы, Ювиналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Елубаева Айжан Жұмағалиқызы қатысып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдауына орай алдын алу және қылмыстық –құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл шараларының жүйесі туралы жүйелеп берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа күреске белсенді түрде араласу туралы айтылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидалары мен тәсілдері туралы таратып түсіндірілді. «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпараттық сағат өз мәнінде өтті.