Бүгін аудандық кітапханаға Қарқаралы өңірінің тумасы Шәкәрім Нұрғалиұлы қонаққа келіп өзінің авторлық «Әкем — сырласым» атты кітабын 5 данасын сыйға тартты.

Кітапта аласапыран заманнан бастап, қолдан жасалған ашаршылық, репрессия зұлматтарын, екінші дүниежүзілік соғыс қасіреттерін бастан кешкен Совет үкіметі кезіндегі ауыл өмірі мен ел тәуелсіздігіне қол жеткізгенге дейінгі оқиғалар шынайы баяндалған.
Кітап өте тартымды, автордың ойы жүйелі, сөз қоры шұрайлы.