
Тәуелсіздік күніне орай аудандық кітапханада «Тарихқа тағзым – Тәуелсіздікке құрмет» атты тарихи сағат өткізілді.
Шараға М.Әдекенов атындағы көпсалалы ауылшаруашылық колледжінің ұстаздары мен студенттері, тарихи-өлкетану музей қызметкерлері, «Шаңырақ» көп балалы аналарды қамту орталығының басшысы Гүлнар Өмірзаққызы, сонымен қатар тәуелсіздік құрдастары: Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция майоры — Мукашев Ардақ Серікұлы, Қарқаралы қаласының Ә.Ермеков атындағы №2 ЖББМ жанындағы «Толағай» шағын орталығының әдіскері – Ильдебаева Индира Кәдірбекқызы, Қарқаралы қаласының балалар өнер мектебінің хореографы, «Тұмар» би ансамблінің жетекшісі – Мұрат Жанерке Серікқызы, маникюр және педикюр шебері – Оспанова Ақтолқын Медетқызы, «Алтай полиметалл» кен байыту орталығының механигы – Ильдебаев Елнар Ануарбекұлы келіп қатысты. Шара барысында тәуелсіздік туралы бейнебаян көрсетіліп, оқырмандар егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз туралы өлең жолдарын оқыды. Тәуелсіздік құрдастарымен әдемі сыр сұхбат жүргізіліп, қатысушылар өз ой пікірлері мен жылы лебіздерін білдірді. Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі гүлденіп, мәңгі жасай берсін!










