Биылғы жылы қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүректің жыршысы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл.

Осы орайда аудандық кітапханада «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты жыр кеші өтті.

Атаулы кешке «Қаламгер» қызығушылар клубының мүшелері, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының үйірме жетекшісі Әкім Алтынгүл және О.Жаутіков атындағы № 1 мектеп, М.Бәпиұлы атындағы № 44 мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Ақынның өмір жолынан, шығармашылығынан сыр шертер көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өлеңдер жинағы, ол туралы жазылған әдебиеттер, газет беттеріндегі мақалалар және фотосуреттері қойылып, шолу жасалды.

Әсерлі кеште қатысушылар ақынның жүрекке жылы, терең мағыналы өлеңдерін оқып, әнге айналған шығармаларын тыңдады.

Ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рухты насихаттау мақсатында өткен шара өз мәнінде өтіп, рухани әсер сыйлады.

👁 Всего посещений: 199