Рубрика Uncategorized

Отбасы – өмірдің ең қымбат қазынасы!

Отбасы күніне орай Қарқаралы аудандық кітапханасында отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге отбасы тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен рухани құндылықтарды арқау еткен көркем және…

«ҚАРҚАРАЛЫ ҚҰШАҒЫНДА: ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

04 қыркүйек күні Қарқаралы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Қарқаралы құшағында: өз өлкеңді таныт» онлайн промо-роликтер байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Байқаудың қорытындысы 28 тамыз күні жасалып, үздік жұмыстар анықталған болатын. Айтулы шара Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан…

Аудандық және балалар кітапханасының қызметкерлері «Тәуелсіздік – ортақ мақтанышымыз» атты жалпы республикалық диктантқа қатысты!

​Тілдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен ана тілімізге деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.​Білім мен парасаттың ордасы – кітапхана ұжымы өз біліктіліктерін сынап, сауаттылық байқауынан сүрінбей өтті. Мерекелік бастама елдік пен бірлікті нығайтуға бағытталған тағылымды істің жалғасы…

Кітапхана – тарих пен тағылым тоғысқан мекен

Жаз мезгілінде Қарқаралы аудандық кітапханасына келушілердің қатары артып, кітапхана қабырғасында өлке тарихына қызығушылық танытқан түрлі жандармен мазмұнды кездесулер өтуде. Кітапхана орналасқан ғимарат – Қарқаралының көне тарихынан сыр шертетін, мемлекет қорғауындағы тарихи нысан. Кезінде көпес Петр Рязанцевтің үйі болған бұл ғимаратта…

​Аудандық кітапхананың шаңырағы бүгін ерекше бір нұрға, мағыналы әсерге бөленді. Киелі де құтты мекенге Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Елордамыз — Астана қаласының руханият ошақтарында 40 жылға жуық табанды қызмет еткен ардагер кітапханашылар арнайы экскурсиямен аяқ басты.

​Бұл қонақтар — саналы ғұмырын кітап пен оқырман арасындағы алтын көпірге айналдырған, білім мен мәдениеттің шырақшылары. Бір заманда кітапханашылық мәртебелі де жауапты мамандық басын қосқан олар, бүгінде жылдар өтсе де, сол достық пен рухани сабақтастықты үзбей ұстап келеді. ​Кейбірі әлі…

Кітап – рухани қазына, ал автор қолтаңбасымен сыйланған кітап – ерекше құндылық!

Қарқаралы аудандық кітапханасына ақын, қаламгер Алдоңғарова Алмагүлдің жеке сыйы – «Көңілдің қос пернесі» атты кітабы табысталды.Бұл кітап – адам жанының нәзік сырларын, өмірдің мәнін, ізгілік пен сезім әлемін терең бейнелейтін тағылымды туынды. Авторға осындай бағалы сыйы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.Жаңа…

Кітап – тағдырлар тоғысқан өмір айнасы

Қарқаралы аудандық кітапханасының қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында көрнекті жазушының «Тағдыр» романы бойынша «Библио-десант» ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар романның негізгі идеясы, кейіпкерлер тағдыры мен шығарманың тәрбиелік мәні жайында пікір алмасты. Кітапханашылар шығарма туралы қызықты мәліметтер ұсынып, оқырмандарды мазмұнды әңгімеге…

Ғарышқа самғаған қазақ қыраны

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Тоқтар Әубәкіровнің 80 жылдық мерейтойына орай Қарқаралы қаласындағы Шолпан Жандарбекова атындағы мәдениет үйінде Кизкин Аян Сәулебайұлының «Ғасыр саңлағы» атты қойылымы сахналанды. Аталған мәдени шара аясында Қарқаралы аудандық кітапханасы «Ғарышқа самғаған қазақ қыраны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге…

Қарқаралы тарихи-өлкетану музейіне библиодесант ұйымдастырылды

Қарқаралы аудандық кітапханасының кітапханашылары Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде библиодесант ұйымдастырды. Іс-шара барысында Қабдеш Жұмаділов шығармашылығы насихатталып, оның «Тағдыр» романы таныстырылды. Музей қызметкерлері арасында кітапхананың тұрақты оқырмандары болып, шығарма туралы ақпарат алып, кітапты оқуға шақырылды. Рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шара оқырмандардың әдебиетке…

«Рәміздер – ұлт мақтанышы»

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызы мен мәнін насихаттау мақсатында «Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты патриоттық сағат өткізілді. ✨ Бұл күн – Тәуелсіз еліміздің қасиетті нышандары саналатын Туымызға, Елтаңбамызға және Әнұранымызға деген құрметті арттыратын ерекше мереке. ???? Арнайы шақыртылған…

👁 Всего посещений: 123