Рубрика Uncategorized

«ҚАЛАМГЕР» КЛУБЫ: «ҚҰЛАГЕР – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ»

Қарқаралы аудандық кітапханасының жанындағы «Қаламгер» қызығушылар клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы басқосу қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің мәңгілік мұрасына айналған «Құлагер» поэмасын талқылауға арналды. Қатысушылар шығарма мазмұнына терең бойлап, ақынның көркемдік шеберлігі, поэмадағы тарихи оқиғалар мен кейіпкерлер тағдыры…

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады

Жолдаудың биылғы тақырыбы: «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» («Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле»).

РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары Республика күні мерекесіне орай мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының марапаттарына ие болды. Теректі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бодешова Майгүл Ақынқызы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет…

Жас оқырмандар Құнанбай қажы мешітінің тарихымен танысты

Тарихтың тасқа басқан өрнегіндей болған қасиетті Құнанбай қажы мешітінің іргетасы қаланғанына бір ғасырдан асып, 175 жыл толды. Осы мерейлі де тарихи белеске орай, өлке руханияты мен сөз өнерін тоғыстырған тағылымды танымдық сапар өтті.Аты аңызға айналған қарашаңыраққа барған «Қаламгер» қызығушылар клубының…

Отбасы – өмірдің ең қымбат қазынасы!

Отбасы күніне орай Қарқаралы аудандық кітапханасында отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге отбасы тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен рухани құндылықтарды арқау еткен көркем және…

«ҚАРҚАРАЛЫ ҚҰШАҒЫНДА: ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

04 қыркүйек күні Қарқаралы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Қарқаралы құшағында: өз өлкеңді таныт» онлайн промо-роликтер байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Байқаудың қорытындысы 28 тамыз күні жасалып, үздік жұмыстар анықталған болатын. Айтулы шара Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан…

Аудандық және балалар кітапханасының қызметкерлері «Тәуелсіздік – ортақ мақтанышымыз» атты жалпы республикалық диктантқа қатысты!

​Тілдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен ана тілімізге деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.​Білім мен парасаттың ордасы – кітапхана ұжымы өз біліктіліктерін сынап, сауаттылық байқауынан сүрінбей өтті. Мерекелік бастама елдік пен бірлікті нығайтуға бағытталған тағылымды істің жалғасы…

Кітапхана – тарих пен тағылым тоғысқан мекен

Жаз мезгілінде Қарқаралы аудандық кітапханасына келушілердің қатары артып, кітапхана қабырғасында өлке тарихына қызығушылық танытқан түрлі жандармен мазмұнды кездесулер өтуде. Кітапхана орналасқан ғимарат – Қарқаралының көне тарихынан сыр шертетін, мемлекет қорғауындағы тарихи нысан. Кезінде көпес Петр Рязанцевтің үйі болған бұл ғимаратта…

​Аудандық кітапхананың шаңырағы бүгін ерекше бір нұрға, мағыналы әсерге бөленді. Киелі де құтты мекенге Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Елордамыз — Астана қаласының руханият ошақтарында 40 жылға жуық табанды қызмет еткен ардагер кітапханашылар арнайы экскурсиямен аяқ басты.

​Бұл қонақтар — саналы ғұмырын кітап пен оқырман арасындағы алтын көпірге айналдырған, білім мен мәдениеттің шырақшылары. Бір заманда кітапханашылық мәртебелі де жауапты мамандық басын қосқан олар, бүгінде жылдар өтсе де, сол достық пен рухани сабақтастықты үзбей ұстап келеді. ​Кейбірі әлі…

👁 Всего посещений: 93