Рубрика Uncategorized

Кітап – рухани қазына, ал автор қолтаңбасымен сыйланған кітап – ерекше құндылық!

Қарқаралы аудандық кітапханасына ақын, қаламгер Алдоңғарова Алмагүлдің жеке сыйы – «Көңілдің қос пернесі» атты кітабы табысталды.Бұл кітап – адам жанының нәзік сырларын, өмірдің мәнін, ізгілік пен сезім әлемін терең бейнелейтін тағылымды туынды. Авторға осындай бағалы сыйы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.Жаңа…

Кітап – тағдырлар тоғысқан өмір айнасы

Қарқаралы аудандық кітапханасының қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында көрнекті жазушының «Тағдыр» романы бойынша «Библио-десант» ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар романның негізгі идеясы, кейіпкерлер тағдыры мен шығарманың тәрбиелік мәні жайында пікір алмасты. Кітапханашылар шығарма туралы қызықты мәліметтер ұсынып, оқырмандарды мазмұнды әңгімеге…

Ғарышқа самғаған қазақ қыраны

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Тоқтар Әубәкіровнің 80 жылдық мерейтойына орай Қарқаралы қаласындағы Шолпан Жандарбекова атындағы мәдениет үйінде Кизкин Аян Сәулебайұлының «Ғасыр саңлағы» атты қойылымы сахналанды. Аталған мәдени шара аясында Қарқаралы аудандық кітапханасы «Ғарышқа самғаған қазақ қыраны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге…

Қарқаралы тарихи-өлкетану музейіне библиодесант ұйымдастырылды

Қарқаралы аудандық кітапханасының кітапханашылары Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде библиодесант ұйымдастырды. Іс-шара барысында Қабдеш Жұмаділов шығармашылығы насихатталып, оның «Тағдыр» романы таныстырылды. Музей қызметкерлері арасында кітапхананың тұрақты оқырмандары болып, шығарма туралы ақпарат алып, кітапты оқуға шақырылды. Рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шара оқырмандардың әдебиетке…

«Рәміздер – ұлт мақтанышы»

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызы мен мәнін насихаттау мақсатында «Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты патриоттық сағат өткізілді. ✨ Бұл күн – Тәуелсіз еліміздің қасиетті нышандары саналатын Туымызға, Елтаңбамызға және Әнұранымызға деген құрметті арттыратын ерекше мереке. ???? Арнайы шақыртылған…

Ұлт рухы ұлықталған байқау

Қарқаралы аудандық кітапхана жанынан құрылған ​«Қаламгер» қызығушылар клубының ұйымдастыруымен «Қарқаралы — Алаш қайраткерлерінің ізі қалған өлке» атты өлкетану бағытындағы эссе жазу байқауы өз мәресіне жетті.​Тарихтың терең қойнауынан сыр шертіп, бабалар аманатын арқалаған жас өрендердің шығармашылық жұмыстарын қазылар алқасы 12 мамыр…

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қарқаралы аудандық кітапханасының қызметкерлері Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 тірек мектебі (РО) жанындағы интернат жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша библиодесант ұйымдастырды.

Кездесу барысында оқушылар шығарманың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталып, кейіпкерлер тағдыры, ел мен жер тақырыбы төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Роман арқылы ұлттың өткені, тарихи кезеңдер мен адам тағдырының терең байланысы кеңінен талқыланды. Тағылымды шара жас оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын…

Аудандық кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Алаштың асыл арысы» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Акимбеков Сержан Төлеуұлы тағылымды ойларымен бөлісіп, Әлихан Бөкейханның ел тағдыры жолындағы еңбегінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, осы мектептің жоғарғы сынып оқушылары Алаш қайраткері жайлы мазмұндап, тарихи тұлғаның сан қырлы…

Үздік оқырман — 2025

Аудандық кітапханада кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Үздік оқырман — 2025» оқырман бенефисі өткізілді. Шараға Ә.Ермеков атындағы №2 орыс орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайсанбаева Гүлназ Жұмагелдіқызы мен 10 сынып оқушылары,…

24 қазан – кітапханашылар күні!

Бұл күн – рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің алтын қазынасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші абзал жандардың мерекесі. Кітапханашы – тек кітап сақтаушы ғана емес, ол – оқырман мен білім әлемінің арасындағы алтын көпір. Осы мерекеге орай бүгін кітапханашыларды марапаттау рәсімі…

👁 Всего посещений: 93