Рубрика Uncategorized

Ұлт рухы ұлықталған байқау

Қарқаралы аудандық кітапхана жанынан құрылған ​«Қаламгер» қызығушылар клубының ұйымдастыруымен «Қарқаралы — Алаш қайраткерлерінің ізі қалған өлке» атты өлкетану бағытындағы эссе жазу байқауы өз мәресіне жетті.​Тарихтың терең қойнауынан сыр шертіп, бабалар аманатын арқалаған жас өрендердің шығармашылық жұмыстарын қазылар алқасы 12 мамыр…

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қарқаралы аудандық кітапханасының қызметкерлері Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 тірек мектебі (РО) жанындағы интернат жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша библиодесант ұйымдастырды.

Кездесу барысында оқушылар шығарманың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталып, кейіпкерлер тағдыры, ел мен жер тақырыбы төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Роман арқылы ұлттың өткені, тарихи кезеңдер мен адам тағдырының терең байланысы кеңінен талқыланды. Тағылымды шара жас оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын…

Аудандық кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Алаштың асыл арысы» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Акимбеков Сержан Төлеуұлы тағылымды ойларымен бөлісіп, Әлихан Бөкейханның ел тағдыры жолындағы еңбегінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, осы мектептің жоғарғы сынып оқушылары Алаш қайраткері жайлы мазмұндап, тарихи тұлғаның сан қырлы…

Үздік оқырман — 2025

Аудандық кітапханада кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Үздік оқырман — 2025» оқырман бенефисі өткізілді. Шараға Ә.Ермеков атындағы №2 орыс орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайсанбаева Гүлназ Жұмагелдіқызы мен 10 сынып оқушылары,…

24 қазан – кітапханашылар күні!

Бұл күн – рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің алтын қазынасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші абзал жандардың мерекесі. Кітапханашы – тек кітап сақтаушы ғана емес, ол – оқырман мен білім әлемінің арасындағы алтын көпір. Осы мерекеге орай бүгін кітапханашыларды марапаттау рәсімі…

Құттықтаймыз!!!

24 қазан күні «Кітапханашылар күні» қарсаңында, бүгін, «Сарыжайлау» кинотеатрының залында «Менің мамандығым – менің таңдауым» атты облыстық шарада Қарқаралы аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Мұқанова Айнаш Түсіпжанқызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет Грамотасымен марапатталды.Қарағайлы кентінің балалар кітапханасының кітапханашысы Искакова…

Бүгін 7 қазан күні аудандық кітапханада ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында, ақиық ақын Қасым Аманжоловтың туған күніне орай, «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ…» атты дәстүрлі Қасым оқулары өткізілді.

Қасымның ұлылығын, жырларының ерекше рухтылығын қазіргі ұрпаққа айтып қана қоймай, Қасым мұрасын насихаттау, жырға әуестігі бар жастарды Қасым жырларын қамти отырып ақындыққа баулу, жастардың шығармашылық әуелетін дамыту, көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру, тіл мәдениетін көтеру мақсатындағы аудандық байқауға 43…

«Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары»Құрметті оқырмандар!

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай аудандық Абай оқулары байқауы өтеді! ???? 8 қазан 2025 жыл, сағат 10:00???? Абай ауылдық кітапханасы Байқау 4 номинация бойынша:???? Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу???? Қара сөздерін жатқа айту???? Абай әндерін орындау✍️ Өз шығармашылығын оқу????…

Аудандық кітапханада 5 қыркүйек Ұлт ұстазы, білімнің атасы, есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына мәңгі өшпестей із қалдырған, қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім менің-қасиетті Ардағым» атты әдеби кеш өтті.

Шараға Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекзада Думанұлы, Қарқаралы қаласының тұрғындары, тіл жанашырлары Цагаева Яха Магамедовна, Девевье Карина Михаиловна және Қарқаралы тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері, Мыңжасар Әдікенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің ұстаздары мен…

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай “Ата Заң — асыл мұраттар бастауы” атты патриоттық тәрбие кеші өткізілді.

Шараға тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Сәтбек Қабиденұлы, аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция майоры Елубаева Айжан, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі, әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Мұсабек…

👁 Всего посещений: 123