лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітапхананы насихаттау, оқырмандарды тарту мақсатындағы «Айлық» өткізу шаралары аясында аудандық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы» атты оқырман конференциясы өтті.

Конференцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.А.Ілдебаев, мәдениет және тілдерде дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Е.Төлеуханова, № 1 қазақ мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиетінің мұғалімі Г.Қ.Шағаламова, Қарқаралы тарихи өлкетану музейінің басшысы Н.Б.Абишева және тарихи өлкетану музейінің кіші-ғылыми қызметкері С.Қ. Сланбеков, колледж студенттері,№ 1,44 мектеп оқушылары қатысты.

Кеш барысында алаш қайраткері, қазақтың ұлттық прозасының қалыптасуына еңбек сіңірген жазушы, қазақ көркем сөзінің хас шебері Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолдары мен шығармалары талқыланды.

Ж.Аймауытовтың өзі өмір сүрген аласапыран жылдардағы қазақ ауылының өмірінің шындығы, адамдар тағдырындығы өзгерістерді, кедейлер мен әйелдердің теңдік алып өз жолдарын тапқандығы туралы жазылған романдары мен әңгіме повестері туралы айтылып, №44 мектебінің оқушысы Еділхан Ақерке «Қартқожа» романына, колледж студенттері Мыңжанова Көркем, Совет Ақжарқын «Ақбілек» романына, Мыңжанова Көктем, Рымхан Сымбат «Күнекейдің жазығы» повесі бойынша өз ойларын ортаға салды.

Жүсіпбек Аймауытов болашақ ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі.

Осы ірі тұлғаның еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау кітапханашылардың еншісінде.

Translate »