Ақжол ауылы М.Мамыраев селолық округіне қарасты
№ 16 филиал моделді кітапхананың құрылу тарихы.
«1-Май» колхозында (қазіргі Ақжол ауылы) көпшілік кітапхана 1931 жылы «Қызыл Отау», одан соң „Оқу үйі“ болып аталып құрылған. Алғашқы кітапханшы болып Бүркітбаева Калимаш жұмыс істеген. Мұнда газет, журналдар, кітаптар болуымен қатар әр түрлі жиындар өткізіліп, ойын-сауықта болып тұрған, ол кездегі кітап қоры белгісіз.
Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейін 1950 жылға дейін кімдер істегені белгісіз.
1950 — 1956 жылдар аралығында Шәймерденов Уақап, Ахметов Қайырбек, Ибраева Мәру кітапханашы қызметін атқарған.
1956 — 1958 жылдар аралығында Дүйсенбаева Ғалия кітапханашы болып жұмыс істеді.
1958 — 1961 жылдары кітапханашы — Жолдыбалина Шолпан.
1961 жылы 1 маусым куні Жолдыбалина Шолпаннан Қыныбаева Рымбикеш Әбуғалиқызы қабылдап алғанда кітап қоры 1000 дана 30 оқырман болған.
Қыныбаева Рымбикеш Әбуғали қызы 1939 жылы 13 желтоқсанда «1-май» колхозында дуниеге келген. Тәжірибелі
кітапханашы. Көп жылдан бері өзінің еңбегінің нәтижесін көрген кітапханашы бүгінде жастарға бағыт берген ардақты кеңесші. 1965-1967 жылдары Көкшетау қаласындағы кітапханашылар даярлайтын техникумында „Кітапхана ісі“бойынша оқып бітірді. 1969-1974 жылдары Алматыда қыздар педагогикалық институттының кітапханашы- библиограф маманындығы бойынша бітірді.
Тынымсыз атқарған еңбектері бағаланып аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталынды. Кітапханада 40 жылға тақау еңбек етті.1970 жылы В.И.Ленеиннің 100 жылдык мерейтойна байланысты „Ленин медалімен“ марапатталды. 1988 жылы „Еңбек ардагері“ медалімен марапатталды. 10 рет жергілікті Советке депутат болып сайланды 1963 жылдан бастап партия мүшесі. Аудандық «Қарқаралы» газетінің жергілікті тілшісі. 2005 жылы жұбайы Қойбағаров Хамит екеуі „Өткен күн іздері“ атты кітап жазып, халық игілігіне тарту етті. Қыныбаева Рымбикеш 1996 жылға дейін кітапханада істеп келді. Қазір зейнеткерлік демалыста, кәзіргі уақытта мұсылман әйелдері қоғамынын төрайымы.
1996 жылға дейін кітап қоры: 18250 дана кітап; 1200 оқырман, оның ішінде 370 оқырман балалар; 21600 дана кітап оқылған. 24 түрлі газет, журналдар
алып отырдық, 16 газет, 8 журнал.
1994 жылдын шілде айынан бастап 2004 жылға дейін Әбуғалиева Сандуғаш Аманкелді қызы кітапханашы болып жұмыс істеген. Білімі орта арнаулы. Қарағанды мәдени-ағарту училищесінің „кітапханатану“ бөлімін бітірген.
Шәріп Жанаргүл Серікбайқызы 1978 жылы 12 наурыз күні Ақжол ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары педагогикалық. 2005 — 2008 жылдар аралағанда Ақжол ауылының кітапханасында балалар кітапханашысы болып жұмыс атқарды.
Нафталова Назира Кенесовна 1973 жылы 1 желтоқсан күні Ақжол ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ресейлік мәдениет және өнер академиясының магистратура степені бойынша „Кітапханалық — ақпараттық қызмет“ мамандығы бойынша бітірген. 2005 – 2017 жыл аралығында кітапханашы болып қызмет етті.
Едильбаева Баян Батырбековна 1985 жылы 6 желтоқсан күні Ақжол ауылында дүниеге келген. Білімі орта-арнайы Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжі. „Кітапхана ісі“ мамандығы бойынша бітірген. Қарғанды „Болашақ“ маңызды білім беру колледжінің „Құқықтану“ мамандығын бітіріп, Орталық Қазақстан Академиясының „Заңгер“ мамандығы аяқтауда. 2005-2012 жыл аралығында ҚарМТУ-нің кітапханасында „Каталогизатор “ бөлімінде аға-кітапханашысы; 2012-2013 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында „Библиограф“ 2013-2015 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды академиясында „Арнайы кітапхана“ кітапханашы; 2016-2017 жылдары №8 ЖББМ КММ-нің кітапхана меңгерушісі; 2017 жылдан бастап Ақжол ауылы №16 филиал модельдік кітапхана кітапханашысы қызметін атқаруда.