Балқантау кітапханасы тарихы
1954 жылдың ақпан айында бұрынғы «Кедейтеңдік» және «Жаңажол» колхоздарының және мемлекеттік жер қорының аумағында «Комсомол» совхозының алғашқы қазығы қағылып, бұрынғы Қарабұлақ қыстағының орнында «Қарабұлақ» ауылы осы совхоздың орталығы ретінде ірге тасы қалана бастады.Облыс орталығынан 300км,аудан орталығынан 80км қашықтықта орналасқан. Жаңа ұйымдасқан совхозға барлығы 150 мың гектардай жер бекітіліп, тың игеру жұмыстары басталып кетті. Алғашқы осы совхозды ұйымдастыруға Украина, Белоруссия, Молдавия, Россия сияқты Одақтас республикадан көптеген жастар комсомол жолдамасымен келді.
1954-55 жылдар тың игеруге келген жастар барлық қиындықтарға төзіп, тың игеру эпопеясына өздерінің өшпес ерлік іздерін қалдырды, соның арқасында 1956 жылы Қазақ ССРі алғашқы рет миллиард пұт астық өндіріп, ССРО халқын нанмен қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосса, сол еңбектің ішінде біздің де совхоздың да үлесі болды. Шаруашылық экономикасы біртіндеп ұлғайып, тұрғындардың тұрмыстық жағдайы да оңала бастайды.
1956 жылы қызыл бұрыш ашылып Кеңгірбаев Қали кітапханалық жұмысты атқарған.
1980 жылы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне біріктірілген.
1972-1986жылдар аралығында Мусина Жамал кітапханашы болған.
1987-1990 жылдары Саркенова.Ж
1990 -1991ж Кулжанбекова.Г.
1997 жылдан Қарқаралы ауданына қарайды.
Кәзіргі таңда кітапханадағы кітап қоры 19540, оқырман саны 570, әр түрлі мерзімді басылым алып оқырмандарға қызмет жасап отыр.
1991 жылдан бүгінгі күнге дейін Жуманбаева Гульбаршын кітапханашы болып жұмыс атқарып келеді.