лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Қарқаралы балалар кітапханасы

Балалар кітапханасы 1951 жылы 3000 дана кітап қорымен құрылды. Меңгерушісі Абилова Қарлығаш болды. 1955 жылдың маусым айынан балалар кітапханасының меңгерушісі болып Деева Софья Ивановна болып тағайындалды. Ол кезде кітапхана қалалық кітапхана, мәдениет бөлімі және пионерлер үйімен бір ғимаратта болды. Ол ғимарат 1998 жылы бұзылып, қазір ол жерде ардагерлер аллеясы орналасқан. 1957-1958 жылдары кітапхана Абай Құнанбаев мешітінің ғимаратында орналасты. 1959-1961 жылдары Ленин көшесінің бойындағы ағаш ғимаратта болды. 1977 жылы тұрғын үй салынды. 1961 жылы кітапхана КазССР министрінің орынбасары Цукатов жолдастың Жарлығы бойынша жабылып, кітап қоры мектеп кітапханаларына таратылып берілді. Ал 1963 жылы балалар кітапханасы қалпына келтірілді, кітап қорын қайтадан жинау керек болды. Меңгеруші болып қайтадан Деева Софья Ивановна тағайындалды. Ол кісі бұл кітапханада зейнеткерлікке дейін, яғни 1986 жылға дейін жұмыс істеді. 1986 жылдан 2012 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Мұсатаева Раушан Жақияқызы қызмет атқарды. 2012 жылдан бері – Искакова Алтынай Шырақбайқызы жұмыс атқарып келеді. 1963 жылдан 2002 жылға дейін кітапхана түрлі ғимараттарда орналасты, тұрақты орны болған жоқ. 2002 жылдан Бөкейханов (бұрынғы Ленин) көшесіндегі ғимарат, Рязанцев Павел Петровичтің үлкен ұлының үйі берілді. Ғимарат 1998 жылда салынған. Бұл ғимарат мемлекетпен тарихи ғимарат ретінде қорғалады. Қазіргі таңда кітапханада 15914 кітап қоры бар. Кітапханада кітап беру бөлімі, бастауыш сынып оқушыларына арналған зал, оқырман, мерзімді басылымдар залдары, кітап сақтау, әдіскерлік бөлімдері бар. Кітапханада жас оқырмандарды тарту мақсатында әр түрлі инновациялық іс – шаралар өткізілуде. Атап айтқанда «Книжные мишки, мишкины книжки», «Кітапханаға барар жолды білесіз бе?» — либмоб, «Кітапты махаббатпен сыйлаңыз» акциясы, «Балдәурен кемесімен саяхат» библиопикник, «В поисках сокровищ» библиоквест, «Жаз.Кітап.Мен» библиоалаң, «Ілінген кітаптар», «Жасырынған кітаптар» сынды инновациялық іс – шаралар өткізілді. Қала басындағы мектептер мен балабақшаларға, жасөспірімдер орталығына тұрақты түрде библиодесант түрінде шаралар өткізіледі. Кітапхана жанынан құрылған «Балдәурен» әдеби – танымдық клубы, «Шебер қолдар сиқыры» қолөнер үйірмесі жұмыс жасайды. «Балдәурен» әдеби – танымдық клубының мүшелері кітапханада өткізілген барлық іс – шараларға белсене қатысып, атсалысады. «Шебер қолдар сиқыры» атты қолөнер шеберханасы балалары аптасына 2 рет бас қосып, түрлі – түсті қағаз, мата, фетр, кесте, бисер, моншақ, табиғи материалдарды қолдана отыра әр түрлі қолдан қолөнер бұйымдарын жасайды.

Translate »