Ауыл 1961 жылы құрылып, ауыл кітапханасы 1963 жылы ашылған. Сол кезде кітапханада абонемент, жылжымалы кітап қоры бөлімі ғана жұмыс жасаған. Кітапханада алғаш Шәмшия Мұқанова кітапханашы болды. Өз ісіне іскер де, білгір маман өз еңбегінен қуаныш, ләззат алған. Кітапхананы көркейтіп, алдыңғы қатарға шығару жолындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі халық арасында жоғары бағаланды.
1978 жылы өткен селолық кітапханалар арасындағы облыстық жарыста «Үздік кітапхана» атағын жеңіп алып, жеңіс жолдарын иемденді. Партия мүшесі Шамшия Мұқанова халық қалаулысы ол заман тілегіне сай өз білімін жетілдірді. Облыстық, аудындық мақтау қағаздары және дипломдарымен марапатталған.
Осы кітапханада 1990 жылдан 2014 жылға дейін Ізбасарова Айсұлу Қапиятқызы жұмыс жасады. Осы жылдар ішіде тек қана алдыңғы қатарлы маман иесі екенін көрсетіп келді. 2001 жылы «Облыс әкімінің Мақтау грамотасымен» марапатталды.
2002 жылы «Облыстық департаментінің Мақтау грамотасымен» және ауыл әкімінің дипломымен марапатталды.
2004 жылы Қ.Аманжолов атындағы селолық округ кітапханасына «Модельді кітапхана» мәртебесі берілді.
2014 жылдан бастап Шәйкен Самал Саматқызы жұмыс жасап келеді.
Кітапхана жұмысының басты бағыты өлкетану жұмысының бағытына арналған. Мұндағы мақсат, осы ауылдың бай тарихын насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізу.
1997 жылы кітапхана жанынан құрылған «Шаңырақ» салт-дәстүр қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Бұл клубтың мақсаты халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол жас ұрпаќты тәрбиелеу. Клуб «Ұрпаққа үлгі, ұлтқа ұйытқы болғай» ұранымен жұмыс жасайды. Өз ұлтының халқының мәдени мұраларын игерген, салауатты өмір салтын берік ұстанған әр түрлі толғанарлық тақырыпта сұрақтар айналасында пікірталастар, ермектік ойындар, жастар –шоу бағдарламалары, байқаулар өткізіліп отырады.
Қазіргі Қ.Аманжолов атындағы селолық округ кітапханасында кітап қоры –16350 дана, 600-ге жуық оқырман бар. Оларға жыл сайын 9 мың 600 дана кітап беріліп отырады. Кітапхана жан-жақты қамтылған: техникалық, ауылшаруашылық, шетел әдебеиттері, мәдениет пен өнер әдебиеті, көркем әдебиеттер, анықтамалық-библиографиялық ұсыныстар, мерзімді басылымдар бар. Кітапхананың қызмет көрсету аясы төмендегідей : абонемент, оқу залы, балалар бөлімі, өлкетану бөлмесі және жасөспірімдерге арналған «Шаңырақ» клубы жұмыс жасайды.
1997 жылы кітапхана жанынан құрылған «Шаңырақ» салт-дәстүр қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Бұл клубтың мақсаты халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеу. Клуб «Ұрпаққа үлгі, ұлтқа ұйытқы болғай» ұранымен жұмыс жасайды. Өз ұлтының халқының мәдени мұраларын игерген, салауатты өмір салтын берік ұстанған әр түрлі толғанарлық тақырыпта сұрақтар айналасында пікірталастар, ермектік ойындар, жастар–шоу бағдарламалары, байқаулар өткізіліп отырады.
Кітапхана бұрынғы бала-бақша ғимаратының ішінде орналасқан 152.2 кв.м.