лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ…» атты дәстүрлі Қасым оқулары өткізілді.

Бүгін аудандық кітапханада Қарқаралы қаласының мерейтойы және 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында, ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ…» атты дәстүрлі Қасым оқулары өткізілді. Екі кезеңнен тұратын байқауға әр ауылдан 16 жасөспірім өтініш білдірген болатын. «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты бірінші кезеңде қатысушылар ақын шығармашылығынан үзінділер оқыса, «Қазақ аспанында – Қасым рухы» атты екінші кезеңде қатысушылар өздері ақынға арнап шығарған туындыларымен бөлісті. Қарқаралы қаласының өнер мектебінің директоры Спабекова Рымкүл Ахметжанқызы, О.А.Жәутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Алмагүл Амангелдіқызы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Толеуханова Қаламқас Ерденқызы қатысушылардың өнерін бағалап, әділ шешімдерін шығарды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Қарағаш ауылының оқырманы Марат Нұрдәулет иеленді. Бірінші орын Сарыобалы ауылының оқырманы Айтбай Марғұланға, екінші орын Қарқаралы қаласының оқырманы Төлеген Балым мен Бесоба ауылының оқырманы Ойрат Жарқынға, үшінші орын Бүркітті ауылының оқырманы Мейірханқызы Гүлімге, Әбдірахман Ұлжанға және Талды ауылының оқырманы Бейбітжан Балеркеге бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, барлық қатысушыларға алғыс хаттармен марапатталды. Шара өз мәнінде, жоғары деңгейде өтті.

Translate »