лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

«Тәңір таңбасы», «Ойтамған» жыр жинақтарының авторы, журналист, жерлес ақын Жанат Жаңқашұлымен «Кеудесінен күміс жыры төгілген» атты кездесу кеші ұйымдастырылды

Бүгін, 23 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай және Қарқаралы мерейтойы аясында аудандық кітапханада ҚР Жазушылар Одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің басшысы, Ұлтық әдеби Айбоз сыйлығының иегері, «Тәңір таңбасы», «Ойтамған» жыр жинақтарының авторы, журналист, жерлес ақын Жанат Жаңқашұлымен «Кеудесінен күміс жыры төгілген» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне, сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ильдебаев Нұрлыбек Ануарбекұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Искакова Жазира Қапышқызы, кітапханашылар, жас оқырмандар, №44 Мәди Бәпиұлы атындағы мектеп оқушылары, М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысты.

Кешті «Қарқаралым» әнімен Әлімжан Макенов ашса, шараға арнайы шақырылған Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның түлегі, халықаралық-республикалық ән байқауларының жүлдегері, әнші жерлесіміз Саян Бөдесов ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін әуелете шырқады.

Кеш қонағы Жанат Жаңқашұлы өмір жолы, шығармашылығы туралы айтып, «Ойтамған», «Тәңір таңбасы» атты кітаптарына жарияланған өлеңдерін оқып, жас оқырмандар көкейіндегі сұрақтарын қойды. Жақсы, әсерлі әңгіме өрбіді. Кеш соңында Нұрлыбек Әнуарбекұлы, Жазира Қапышқызы, Бағдат Зияденқызы, Айнаш Түсіпжанқызы келген қонақтарға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Руханиятқа бай, әсерлі кешті ақын Руслан Нұрбай өз мәнінде жүргізді. Поэзияға құштар жас ұрпақ тәрбиелеуге арналған осындай шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

Translate »